Санкт-Петербургтегі жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 8 адам ұсталды

Санкт-Петербургтегі жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 8 адам ұсталды

Санкт-Петербургтегі жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 8 адам ұсталды
ашық дереккөзі
РФ Тергеу комитеті Санкт-Петербургтегі теракт бойынша 8 күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады. «Тергеу комитетінің аса маңызды істерді тергеу бойынша бас басқармасы 2017 жылдың 3 сәуірінде Санкт-Петербург метрополитенінде болған террористік акт фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда. Тергеу өтінішіне сәйкес сот бұрын ұсталған 8 адамды - Сейфулла Хакимов, Ибрагибжон Ерматов, Дилмурод Муидинов, Бахрам Ергашев, Азамжон Махмудов, Махамадюсуф Мирзаалимов, Шохиста Каримова және Содик Ортиковті қамауға алды», - делінген комитет сайтында жарияланған хабарламада. Аты аталғандар 6 сәуір күні Мәскеуде және Санкт-Петербургте ұсталды. Олардың тұрғылықты жерін тінту барысында жарылғыш зат, қару және оқ-дәрілер тәркіленді. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда.