Өскеменде оттықпен ойнап тұрған ер адам өз көлігін өртеп жіберді

/
Өскеменде оттықпен ойнап тұрған ер адам өз көлігін өртеп жіберді
видеодан скриншот

Өскемен қаласында жанармай құю бекетінде қорқынышты оқиға орын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ер адам көлігіне жанармай құйып жатқан кезде, бензобактың жанында оттықпен ойнаған.

Оттықты жағып, өшіріп тұрғанда бензин тұтанып, көлік өртке оранды.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Жүргізушіге қатысты іс қозғалып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары