Танымал өнер иесі Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желіде келеңсіз оқиғаға ұшырағаны жайлы атып берді, деп хабарлады turkystan.kz.
Желі жұлдызы блогер Айжұлдыз Адайбекова тосыннан келіп суретке түскісі келетіндерге ескерту жасады.
«Кішкентай өтініш: Мен баламмен немесе анаммен бірге болып, мысалы, мейрамханада түскі ас ішіп отырғанда, суретке түсіруді өтінбеуіңізді сұраймын. Бұл – қарапайым этикет ережелері, біз де адамбыз. Сондай-ақ, менің рұқсатымсыз баламды видеоға немесе суретке түсіруге болмайды», - деді Айжұлдыз А.
Адайбекованың сөзінше кез келген адам секілді әр уақытта суретке түсуге дайын бола бермейді екен.
«Тіпті үш рет бізге бір адам келді. Біз сыпайы түрде суретке түсуден бас тарттық, өйткені біз де шаршаған, аш, көңіл-күйсіз, бояусыз немесе лайықты киінбеген болуымыз мүмкін. Ол тіпті баламның жағынан бізді жасырын емес, ашық түрде видеоға түсіре бастады — бұл барып тұрған әдепсіздік еді. Мен агрессивті немесе жанжалқұмар адам емеспін. Бірақ бұл — біреуге дөрекілік көрсетуге, мазасыздандыруға немесе орынсыз пікір айтуға болады дегенді білдірмейді. Өзіңнен баста. Ең алдымен өзіңе деген құрметтен баста. «Бұл сендер біздің арқамызда блогер болдыңдар» деген сияқты сөздерді айтудың қажеті жоқ. Мен кім болсам да — бәрі тек Алланың қалауымен. Құдайдың рөлін өз мойныңызға алмаңыз. Аспанға секіріп, «бұл менің арқам» деудің еш қажеті жоқ. Баршаңызға сүйіспеншілік пен жақсылық тілеймін. Сосын ол адам бізге бір нәрсе қарыз сияқты, ашулы түрде өкпесін айта бастады». – деді психолог Адайбекова.