«Скочтпен байлап тастаған»: Түркістан облысында екі адамды өлтіріп, мәйітін өзенге тастаған

/
«Скочтпен байлап тастаған»: Түркістан облысында екі адамды өлтіріп, мәйітін өзенге тастаған
Видеодан скриншот

Түркістан облысында екі адамды өлтіріп, мәйітін өзенге тастағандар сотталды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Аса ауыр қылмыстық іс облыстағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен қаралды.

Қылмыс өткен жылдың тамыз айында Шардара ауданында Сырдария өзенінің жағасында болған. Сотпен анықталғанындай екі сотталушы алдын ала сөз байласу арқылы қос жәбірленушіге күш көрсетіп, аяқ қолдарын, көзі мен ауыз-мұрындарын скочтпен байлап тастаған. Сонан соң кеуде тұсынан бірнеше рет соққы жасаған. Алған жарақаттардан олар сол жерде қайтыс болды.

Сотталушылар қылмыстарын жасыру мақсатында, жәбірленушілердің мәйіттерін өзенге ағызып жіберген. Бірнеше бап бойынша екі күдіктінің қылмысы дәлелденді. Алқабилердің шешімімен кінәлі деп танылды.

Сотталғанның бірі 24 жыл 6 ай мерзімге, екіншісіне 23 жылға жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары