Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның екі азаматының Индонезияда ұсталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Индонезияның құқық қорғау органдарының мәліметінше, елде Қазақстанның екі азаматы ұсталған.
"Олар есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта Индонезияның құзырлы органдары аталған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, соған байланысты басқа ақпарат жария етілмейді", - дейді Смадияров.
Қазақстанның Джакартадағы елшілігі тергеу органдарымен және айыпталушылардың туыстарымен байланыста.
Ресми өкілдің айтуынша бұл мәселені қазақстандық дипломаттар бақылауына алған.