Жаңбыр, дауыл: Синоптиктер ел тұрғындарына маңызды ескерту жасады

/
Жаңбыр, дауыл: Синоптиктер ел тұрғындарына маңызды ескерту жасады
istockphoto

"Қазгидромет» РМК бүгін, 26 маусымда Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл мен желдің күшеюі, сондай-ақ жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі. Мамандар халықты сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қарағанды және Ұлытау облыстарында күн күркіреп, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Сонымен қатар, желдің жылдамдығы кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Атырау, Түркістан және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл жүру қаупі де бар.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарының бірқатар бөлігінде тұман, найзағай және екпінді жел күтіледі.

"Қазгидромет" деректеріне сәйкес, республика бойынша көптеген өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Бұл, әсіресе, шөпті дала, орманды алқаптар мен таулы аймақтарда өзекті. Мамандар отты абайсыз қолдану, от жағу немесе темекі шегу салдарынан туындайтын өрттердің алдын алу үшін қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырып отыр.

Абай, ШҚО, Ұлытау, Қарағанды облыстарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, жел 25 м/с дейін.

Алматы, Жетісу, Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, екпінді жел.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында жаңбырлы күн, найзағай, өрт қаупі жоғары.

Түркістан, Қызылорда облыстарында найзағай мен шаңды дауыл, өрт қаупі өте жоғары.

Атырау, Маңғыстау облыстарында тұман, найзағай, 20 м/с дейінгі жел, өрт қаупі.

Қостанай, СҚ облыстарында өрт қаупі жоғары.

Ақмола облысында қатты жаңбыр, бұршақ, найзағай, жел.

"Қазгидромет" РМК қауіпті метеорологиялық құбылыстар кезінде мүмкіндігінше ашық далада, ағаштардың астында болмаңыздар. Автокөлік жүргізушілері мен тұрғындар жолға шықпас бұрын ауа райын тексеріп, барынша сақ болулары қажеттігін ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары