Құтқарушылар ер адамның аяғын кірген темірден босатты, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға елорданың Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы саяжай бірлестігінде орын алды.
Жарықтандыру тірегіне бейнебақылау камерасын орнату үшін көтерілген кезде абайсызда құлаған ер адамның аяғына темір кіріп кеткен. Жедел оқиға орнына келген құтқарушылар 34 жастағы азаматтың аяғына кіріп кеткен арматураны кесіп, темірден босатты. Ол тексеріс жүргізу үшін медициналық қызметкерлерге тапсырылды.
ТЖМ қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.