ҰБТ-дан 140 ұпай алған оқушыға Дубайға жолдама мен көлік сыйлады

/
ҰБТ-дан 140 ұпай алған оқушыға Дубайға жолдама мен көлік сыйлады
instagram

ҰБТ-дан шекті 140 ұпай жинаған Астанадағы «Зерделі» білім беру орталығының оқушысы Жанайым Рашид темір тұлпарға ие болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Жанайым аталған білім беру орталығында бір жылдан аса дайындалған. Орталық басшысы, педагог Ырысбек Мәуіт ҰБТ-да ең жоғары нәтижеге қол жеткізген Жанайымға сый ретінде Zeekr маркалы заманауи электрлі көлік және Дубайға жолдама сыйлады.

«Жанайымның жетістігі білімге деген құштарлық пен табандылықтың үлгісі. Ол өз мақсатына шын ниетпен ұмтылды, нәтижесі де соған сай болды. Бұл автокөлік оның еңбегі. Сонымен қатар, еліміздегі барлық оқушыға шабыт сыйлайды деп ойлаймын», – деді білім беру орталығының негізін қалаушы Ырысбек Мәуіт.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары