Алматыда жылу трассасының жарылуынан Құлагер шағынауданындағы Қазыбаев көшесін қайнаған су басып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Диаметрі 1000 мм болатын магистральдік құбырдың коррозияға ұшырауына байланысты апат орын алды. Зақымдану шұғыл түрде оқшауланды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады "Алматы жылу желілері" ЖШС.