Президент 500-ден астам қылмыстық істі ашқан әйел полицейді марапаттады

/
Президент 500-ден астам қылмыстық істі ашқан әйел полицейді марапаттады
Ақорда

Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиын соңында Президент ерен ерлігімен, еңбегімен көзге түскен бірнеше азаматқа Алғыс жариялады. Олардың қатарында нәзік жандылар да бар.

«2013 жылдан бері 500-ден аса күрделі істі ашқан Алматы қаласы Полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, полиция майоры Жанна Шешмухановаға кәсібилігі мен адалдығы үшін Алғыс жарияланды», - делінген Ақорданың баспасөз хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары