Илон Маск есірткіге қатысты тапсырған сараптама нәтижесін көрсетті

/
Илон Маск есірткіге қатысты тапсырған сараптама нәтижесін көрсетті
Фото ашық дереккөзден

Америкалық кәсіпкер Илон Маск есірткіге тапсырған тест нәтижесін жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол бұл жөніндегі медициналық құжаттарды X әлеуметтік желісінде бөлісті.

Талдау нәтижесіне сәйкес, Масктың қанынан тыйым салынған заттар табылмаған.

Кәсіпкер кокаин, кетамин, барбитураттар, каннабиноидтар және басқа да есірткі түрлеріне тексеруден өткен.

Медициналық құжатқа қарағанда, зертханалық талдау 11 маусымда жасалған.

Еске салайық, бұған дейін The Washington Post басылымы дереккөзге сілтеме жасап, АҚШ президенті Дональд Трамптың бір телефон әңгімесінде Маскты «созылмалы нашақор» деп атағанын жазған еді.

Алайда кейін Трамп Масктың Ақ үйде есірткі қолданғанын білмейтінін айтып, оған «жақсылық» тіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары