Эммануэль Макронның бағбаны дәретхана мәселесін көтергені үшін жұмыстан шығып қалған

/
Эммануэль Макронның бағбаны дәретхана мәселесін көтергені үшін жұмыстан шығып қалған
Фото: Michel Euler / AP

Эммануэль мен Брижит Макрондардың бағбаны Лукас антисанитарлық еңбек жағдайына байланысты шағым түсірген соң қызметінен босатылды. Бұл туралы turkystan.kz Marianne басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Лукас Г. есімді бұрынғы бағбан Макрондар отбасы президент сайлауы нәтижесінде қол жеткізген Версальдағы La Lanterne аңшылық үйінде жұмыс істеген. Алайда ол жұмыс орнындағы санитарлық жағдайдың талапқа сай еместігін айтып шағымданған.

«Жаңбыр жауса, шатырдан үнемі су ағып кететін, жылу мүлде болмады, ал розеткалар өте қауіпті жағдайда еді! Душ та, дәретхана да жоқ — бұтаның арасына баруға тура келетін. Бұл жағдайға наразылық білдіргенімде, маған: «Сен басқа дүниеге басымдық беруің керек, шағым айтпа» деді», — деп түсіндірген бағбан.

Ол айтып отырған деректерді растаған бейнематериал жарияланғаннан кейін, бағбан жұмысынан босатылған. Бұған жауап ретінде Лукас әкімшілік сотқа шағым түсіріп, өзіне қысым жасалғанын айтып, бұрынғы жұмыс берушілерін қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыптады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары