Протеинді батончиктер несімен қауіпті?

/
Протеинді батончиктер несімен қауіпті?
istockphoto.com

Барлық протеинді батончиктер мен ақуызға бай қоспалар ағзаға жақсы сіңе бермейді,. Ал кей адамдарға оны тіпті де шектеу керек, деп жазады turkytan.kz.

Анестезиолог-реаниматолог, медицина ғылымдарының кандидаты Михаил Куцыйдың айтуынша, спорттық тамақтанудың басты басты мақсаты – ағзаны ақуызбен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету. Алайда, оның айтуынша, рациондағы ақуыз мөлшерінің күрт артуы метаболизмнің қайта құрылуына, сондай-ақ бауыр мен бүйрекке түсетін жүктеменің көбеюіне әкеледі.

«Егер сіз спортпен шұғылдануды шешсеңіз, физикалық жүктемені арттырсаңыз немесе ақуызға бай диетаны ұстанғыңыз келсе, ағзаның биохимиялық көрсеткіштерін алдын-ала бағалауға кеңес беремін. Бұл рационды жеке ерекшеліктерге бейімдеуге және ықтимал қауіптердің алдын алуға көмектеседі», — деп кеңес береді Куцый.

Егер адамның бастапқыда асқазан-ішек жолдарының жұмысына қатысты ерекшеліктері болса, спорттық тамақтануды рационға қоспас бұрын гастроэнтерологтың кеңесіне жүгінгені дұрыс, дейді дәрігер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары