«Балаңызды балабақшаға орналастырамын»: Алаяқ ата-аналарды алдап, 1 млн теңге алған

/
«Балаңызды балабақшаға орналастырамын»: Алаяқ ата-аналарды алдап, 1 млн теңге алған
istockphoto.com

Күдікті баласын балабақшаға орналастыруға үміттенген ондаған ата-ананы алдап, олардың ақшасын иемденген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол өз құрбандарын 2ГИС мобильді қосымшасындағы «Пікірлер» бөлімінен тапқан, онда ата-аналар балаларын мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдауға көмектесу туралы өтініштерін қалдырған. Осындай хабарламаларды көріп, ол ата-аналармен байланысқа шығып, өзін «делдал» ретінде таныстырып, сыйақы үшін «Indigo24.kz» жүйесі арқылы балабақшаға орналастыруға көмектесетінін айтқан.

Қаражатты алған соң, жасырынған. 30-дан астам алаяқтық фактісі анықталып, келтірілген жалпы шығын 1 млн теңгеден асқаны белгілі болды.

Сотта әйел өз кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді және жәбірленушілерге келтірілген шығындарды жартылай қайтарды, қалған шығын одан өндірілді. Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот оған 4 жыл мерзімге пробациялық бақылаумен бостандықты шектеу жазасын тағайындады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары