Алдағы күндері Қазақстанға +38 градусқа дейін ыстық келеді

/
Алдағы күндері Қазақстанға +38 градусқа дейін ыстық келеді
istockphoto.com

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі 2025 жылғы 12-14 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағына жылы ауа массаларының келуі жазға тән жылы ауа райын қалыптастырады.

«Дегенмен, фронтальды жүйелер өз әсерін сақтап қалады. Күндізгі уақытта елдің солтүстігінде ауа температурасы 25-33 градусқа дейін, ал оңтүстігінде 30-38 градусқа дейін жылынса да, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кейбір аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін», – деп хабарлады "Қазгидромет".

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары