Бүгін Астана уақытымен 9:45-те ҚР ТЖМ «ҰСЖЗО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жер сілкінісінің координаттары: солтүстік ендік 36,860, шығыс бойлық 70,868.
«Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 873 км қашықтықта орналасқан», – делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында жер сілкінісінің сезілуі туралы мәліметтер жоқ.