Әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы, бапкер Бақыт Сәрсекбаев Бекзат Саттархановтың үйіне бас сұқты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Ассалаумағалейкум, ағайын! Түркістан облысында Алатау базасында оқу жаттығу жиындарындамыз. Кеше Түркістан қаласына соғып, бауырым, ағам Бекзат Саттархановтың атындағы спорт кешенін аралап көріп, Сырлыкүл анамызға сәлем беріп, Бекзат ағама құран оқып шықтым», - деп жазды Бақыт Сәрсекбаев.
Айта кетейік, бұған дейін Бақыт Сәрсекбаев жас боксшылар Төрехан Сабырхан мен Санжар Тәшкенбайды дайындайтыны туралы жазған едік.