TikTok-та бейәдеп сөздер айтқан қарағандылық әйелге айыппұл салынды

/
TikTok-та бейәдеп сөздер айтқан қарағандылық әйелге айыппұл салынды
Polisia.kz

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері TikTok платформасында жарияланған бейнежазбаны анықтады. Видеода әйел адамның бейәдеп сөздер айтып, әдеп нормаларына қайшы әрекеттер жасағаны байқалады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полицейлер әйелдің жеке басын анықтады. Ол – 1992 жылы туған Қарағанды облысы Нұра ауданының тұрғыны Динара Макаш. Ол полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған дерек бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен Динара Макашқа айыппұл салынды.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желілерде де әдеп нормаларын сақтауға және заң талаптарын бұзбауға шақырады. Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар