Астана көшесінде биік өкшемен жүрген жігіттер жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)

/
Астана көшесінде биік өкшемен жүрген жігіттер жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Елордада жас жігіттер көше бойымен әйелдердің биік өкшелі туфлиін киіп жүріп өтті. Бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқылауға себеп болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олар тек көңіл көтеріп қана қоймай, қыз-келіншектердің биік өкшелі аяқ киім кигенде қандай қиындықтарға тап болатынын өз бастарынан өткеріп көрмек болған.

"Алдымен қалжың үшін өкше киді, енді қалжың үшін тырнақ бояйтын шығар", "Әскерге жіберу керек", "Военкоматтан қашқан түрлері шығар" – деп жазды желі қолданушылары.

Желі қолданушылары екіге бөлінді. Бірі — жігіттердің бұл әрекетін әзілмен қабылдап, олардың батылдығы мен өзіндік ирония сезімін атап өтті. Екіншілері — бұл әрекетті ерсі әрі қоғамдық орында орынсыз деп санады.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары