Жамбыл облысында әскери қызметкер асырап алған ұлын өлтірген

/
Жамбыл облысында әскери қызметкер асырап алған ұлын өлтірген
istockphoto.com

Жамбыл облысында әскери қызметкер асырап алған 10 жастағы асыранды ұлын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күдікті ұсталған. Іс бойынша тергеуді әскери-тергеу басқармасы жүргізіп жатыр.

Бала өлімі Талас ауданының бір ауылында мамыр айының соңында болған. Алайда бұл оқиға туралы ақпарат тек жақында ғана белгілі болды. Белгілі болғандай, бала аудандық ауруханаға әкелінген кезде ол тіршілік белгілерін көрсетпеген.

Күдікке 35 жастағы әскери – баланың асыранды әкесі ілінді. Сол қайғылы күні нақты не болғаны тергеу барысында әзірге айтылмауда. Белгілісі – бұл отбасында бес асыранды бала бірнеше ай бұрын ғана пайда болған. Бала қаза тапқаннан кейін қалған балалар отбасынан алынды.

«Бүгінгі күні олар мемлекеттік мекемеде. Қылмыстық істі әскери қызметкер болғандықтан, әскери-тергеу басқармасы жүргізуде. Қазіргі таңда балалар қауіпсіз жерде. Оларға психологтар көмек көрсетіп жатыр», – деді Жамбыл облысы бойынша бала құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкіл Дәурен Бақжанов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары