"Негізі анам 89 жаста, бірақ өзін 94-темін дейді": Сәкен Майғазиев анасы туралы әсерлі жазба жариялады

"Негізі анам 89 жаста, бірақ өзін 94-темін дейді": Сәкен Майғазиев анасы туралы әсерлі жазба жариялады
Видеодан скриншот

Әнші Сәкен Майғазиев анасы туралы жан тебірентерлік жазба жариялады.

"Менің халімді көздеріңмен көріп жүрсіңдер, жасарып бара жатқам жоқ. Күннен күнге қайратым кеміп, қауқарым кетіп барады. Мені зарықтырмай Әділетімді үйлендіріңдер, тапсырма сол!", – деген екі ай бұрын.

"Өзім үйлен деп бұйрық беріп алып тойға бармай қалғаныма ренжімеңдер" деп қалжыңдап қояды. 

Аналық ақ жүрегіңізбен берген бастаңызды, тілген тілегіңізді мейірімі шексіз Алла тағала қабыл еткей, анашым”, – деп жазды әнші. 

Сонымен қатар ол қарт анасының қазіргі жағдайы жүрек сыздататынын айтып жеткізді.

“Негізі, анамыз 89 жаста. Бірақ өзі 94-темін дей береді. Көз алдыңда жүрісі баяулап, жанары тайып, есте сақтау қабілеті төмендеп бара жатқаны жаныңа батады, жүрегіңді сыздатады. Бір бөлмеден бір бөлмеге әрең жетіп жүр.

Алла қаласа, тойдан кейін Әділетіңіз бен Әдияңызды алып сіздің ақ батаңызды алуға, келініңіздің қолынан шай құйып, қызмет етуге ауылға тағы келеміз. Алла сізге күш-қуат берсін”, – деп жазды әнші.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары