Ирандағы жарылыс: Бір адам қаза тауып, бірнешеуі жараланды

/
Ирандағы жарылыс: Бір адам қаза тауып, бірнешеуі жараланды

Иранның Натенз қаласы маңындағы болат құю зауытында жарылыс орын алды. Бұл жөнінде turkystan.kz Telegram-дағы Azad İran арнасына сілтеме жасап хабарлады.

"Имамзада ауданындағы Халидабад болат зауытында көмірқышқыл газы толтырылған баллон жарылып, жеті адам жарақат алды", – делінген хабарламада.

Тағы бір адамды құтқару мүмкін болмағаны айтылды. Зардап шеккендердің барлығы — Ауғанстан азаматтары. Олар жақын маңдағы медицина орталықтарына жеткізілді.

Оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары