Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз ширек финалда Тәжікстан өкілі Виктор Рассадинмен кездесті.
Нәтижесінде қазақстандық балуан қарсыласын мерзімінен бұрын, 11:0 есебімен жеңді.
Жартылай финалдық белдесулер бүгін Астана уақытымен сағат 16:30-да басталады.
Айта кетейік, бұған дейін Азамат Дәулетбеков (92 келі) ширек финалда Грузия балуаны Мириани Майсурадзеге жол берген еді.