Елдос Сметов Хабиб Нурмагомедовпен кездесіп қалды (ВИДЕО)

/
Елдос Сметов Хабиб Нурмагомедовпен кездесіп қалды (ВИДЕО)

Қазақстандық дзюдошы, дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов Меккеде қажылық кезінде кездесіп қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Сметовтың айтуынша, ол Хабибтің әкесі, аты аңызға айналған бапкер Абдулманап Нурмагомедовпен жеке таныс болған.

Сәлемдесуден басталған әңгіме көп ұзамай жеке естеліктер мен дзюдо мектебіне деген ортақ құрметке ұласты.

Айта кетейік, Елдос Сметов — Қазақстан мен Орталық Азия тарихындағы дзюдодан алғашқы Олимпиада чемпионы. Ол Олимпиада ойындарының барлық дәрежесіндегі жүлдеге ие болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары