Әнші Мадина Сәдуақасованың өнер иесі Ахтамбек Юлдашевтың үйінде билеп отырған видеосы әлеуметтік желіде тарады. Желі қолданушылары әншінің сырт келбетіне қатысты түрлі пікір білдіріп, оның биін сынға алды. Осыған байланысты Мадина Сәдуақасова жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында өзін толық көрінгені үшін сынағандарға жауап беріп, Ахтамбек Юлдашевтың үйіне жағдайын сұрап барғанын айтты.
«Ахтамбек атамыздың үйінде билеп жүрген видеода толық болып көрініп, барлығыңыз маған сын жазып жатырсыздар. Негізі ондай қатты толық емеспін. Атамыздың үйіне хал-жағдайын сұрап кіріп шықтық», – деді әнші.
Сонымен қатар Мадина Сәдуақасова алдағы шығармашылық жоспарымен бөлісті. Оның айтуынша, 9 қарашада Шымкент қаласында Ахтамбек Юлдашевтың концерті өтеді. Әнші аталған кеште өнер иесімен бірге дуэт орындайды.
Мадина Сәдуақасова Ахтамбек Юлдашевпен осыдан 15 жыл бұрын да бір сахнада өнер көрсеткенін еске алды. Сол кезде Астанада өткен үлкен концертке Қарақат пен Айгүл Иманбаева да қатысқан.
Әншінің сөзінше, енді олар қайтадан бір сахнаға шығып, көрермендермен жүздеседі.