"Telegram-да жабық арна құрдық": Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын тікелей эфирде көргісі келетіндерге үндеу жасады

"Telegram-да жабық арна құрдық": Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын тікелей эфирде көргісі келетіндерге үндеу жасады
жеке парақшасынан

Әнші, МузАрт тобының мүшесі Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын көргісі келетіндерге үндеу жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында онлайн көрсетілетін тойға тіркелуге болатын сілтемені жүктеді. 

"Әділет пен Әдияның тойына онлайн қонақ болу үшін тіркеу басталды", – деп жазды Майғазиев.

Одан кейін ұйымдастырушылар қандай арнаға тіркелеу керегін егжей-тегжейлі түсіндірді. 

“Майғазиевтер отбасында үлкен қуаныш! Әділет пен Әдияның үйлену тойының онлайн трансляциясы! Біз жабық Telegram арнасын аштық, онда  үйлену тойымыздың тікелей трансляциясы, сонымен қатар сахна сыртындағы сәттер, эксклюзиф ото мен видеолар жарияланады. Осы ерекше күнді бізбен бірге атап өткілеріңіз келгеніне қуаныштымыз”, – делінген сілтеме берілген парақшада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары