Абай облысында халықтан 800 млн теңге алған қаржы пирамидасы әшкереленді

/
Абай облысында халықтан 800 млн теңге алған қаржы пирамидасы әшкереленді
istockphoto.com

Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысында «Rakhat0425» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұйымдастырушылар азаматтардан қаражат тартып, мемлекеттік сатып алуға қатысы бар жалған инвестициялық жобадан 30% дивиденд береміз деп уәде еткен.

Нәтижесінде 350 адамнан 790 миллион теңгеден астам қаражат жиналған.

Сонымен қатар, күдіктілер азаматтарды пәтерлерін төмен бағамен беруге көндіріп, кейін оларды үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген. Бұл мүлік «инвестициялық жарна» ретінде бағаланған.

Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары