«Қайтыс болған адамды кілеммен көтереді»: Сәкен Майғазиевтің келінінің ұзату тойы қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

/
«Қайтыс болған адамды кілеммен көтереді»: Сәкен Майғазиевтің келінінің ұзату тойы қызу талқыға түсті (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет қалыңдығын Ақтаудан Алматыға ұзатып әкелді. Алайда қалыңдықтың кілемге отырып ұзатылғаны желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды turkystan.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қалыңдық туғандарымен қоштасып болған соң ақ кілемге жайғасты. Кілемнің төрт жағынан төрт жігіт ұстап, көтеріп, қалыңдықты көлікке дейін шығарып салды.

Жас келіннің кілемге отырып, ұясынан ұшқанын бірі жаман ырым деп топшыласа, енді бірі мұндай салттың жоғын айтып, жарысты. 

“Келінді Алладиндей ұшырайын деді ме”, “Жасым 65-те, мұндайды бірінші рет көріп тұрмын. Екі жас қол ұстасып шықса керемет болар еді”, “Жаман ырым сияқты. Адам қайтыс болғанда кілемге орап, төрт адам көтермей ме?”, “О заманда, бұ заман, тірі адамды кілемге отырығызып шығарғаны несі”, “Оңаш көрінеді екен”, – деп жазды желідегілер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары