Түркияда Құрбан айт кезінде 14 мыңнан аса адам жарақат алды

/
Түркияда Құрбан айт кезінде 14 мыңнан аса адам жарақат алды
Фото: baku.ws

Құрбан айттың алғашқы күнінде Түркияда құрбандық шалу кезінде жарақат алған 14 мыңнан аса адамға медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Kazinform.

Бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Кемаль Мемишоғлы X әлеуметтік желі парақшасында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, медициналық көмекке жүгінгендердің ең көбі Анкара қаласында тіркелген – 1049 адам. Ыстанбұлда – 753 адам, Конья қаласында – 655 адам жарақат алған.

Түркияның Денсаулық сақтау министрі мұндай оқиғалардың алдын алу мақсатында құрбандық шалу жұмыстарын тек білікті мамандардың орындауы қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл — халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты.

Осыған дейін хабарланғандай, 6 маусымда мұсылмандардың діни мерекесі — Құрбан айт басталды. 3 күнге созылатын бұл мейрамның басты атрибуттары – айт намазы, құрбан шалу, қайырымдылық шаралары және мерекелік дастархан. Қасиетті мейрам қарсаңында Kazinform құрбан шалу орындары, арнайы сайт, мерекелік намаз уақыты сынды пайдалы деректерді топтастырып, оқырман назарына ұсынды

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары