Әнші 14 жастағы талант Иса Бекболатпен бірге «Балқадиша» әнін орындады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Міне, бұл — Иса баламыз! «Жігіттер» тобы орындайтын «Балқадиша» әнін айтып, әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болды. Залда айттың ғой, иә? Өсе бер, өне бер! Жолың ақ болсын! Мінекей — әкесі», - деді жылы лебізін білдірген әнші.
Еске салсақ, атыраулық спортшы жаттығу залында Ақан Серінің «Балқадиша» әнін шырқап, желі жұлдызына айналған еді. Ол танымалдығының арқасында Димаш Құдайбергеннің концертінде де ән шырқаған.