Жыл басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталының қызметіне мүгедектігі бар 288,9 мың адам жүгінген, деп хабарлайды turkystan.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде оңалтудың техникалық құралдарына шамамен 224,3 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 7,7 мың – ымдау тілі қызметін, 24,4 мың – жеке көмекшінің, 32,5 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды.
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Бүгінде Порталда 640 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 999 оңалтудың техникалық құралдарын жеткізушісі, 31 мыңнан астам жеке көмекші, 760 ымдау тілі және 133 санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.
Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.