Алматы тұрғыны төртінші қабаттағы балконға өрмелеп шығып, өртті сөндірді

/
Алматы тұрғыны төртінші қабаттағы балконға өрмелеп шығып, өртті сөндірді
видеодан скриншот

Алматы қаласының «Алма Сити» тұрғын үй кешеніндегі төртінші қабаттағы пәтерлердің бірінің балконында қоқыс өртенген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 4 маусым күні кешке болған. Пәтердің балконында қоқыс өртеніп, өрттің аумағы небәрі бір шаршы метрді құраған.

«Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өртті өтіп бара жатқан азамат – Ахметов есімді тұрғын сөндірді. Ол батылдық танытып, балконға кіріп, жанған қоқысты жерге лақтырған. Осы әрекеті арқылы ол өрттің таралуына және ықтимал ауыр зардаптарға жол бермеді», – деп хабарлады ТЖД.

Сонымен қатар, ведомство өкілдері ер адамды ТЖМ басшысының атынан марапаттауға ұсынғандарын айтты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары