«Мен Шерзат Полатты өлтірген жоқпын, істеген ісімнен қашатын жігіт емеспін» – Абзал Шынасыл

/
«Мен Шерзат Полатты өлтірген жоқпын, істеген ісімнен қашатын жігіт емеспін» – Абзал Шынасыл
видеодан скриншот

Бүгін Талдықорғанда марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі жарыссөзде айыпталушылар мен олардың аналары соңғы сөздерін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бұйрық болып тұр деп ойлаймын. Бәрі Алланың қалауымен. Мен Шерзат Полатты өлтірген жоқпын. Егер өлтірсем мойындайтын едім, істеген ісімнен қашатын жігіт емеспін. Бір қателігім – басында мойындап, мойныма алғаным болды. Жазадан қорықпаймын. Тиісті жаза беруіңізді, әділ шешім қабылдауыңызды сұраймын. Барша қазақ елінен кешірім сұраймын. Желіде әкесі әкім, байдың баласы деп жатыр. Ешқандай да әке-көкем жоқ. Жалғыз ғана анам бар. Тағы да айтамын, Шерзат Полатты өлтірген мен емес. Бірақ нақты дәлелім жоқ. Сондықтан кім істеген айта алмаймын», - деді басты айыпталушы Абзал Шынасыл.

Адвокаты Абзалдың әкесі алты жыл бұрын қайтыс болып, еден жуып, жан бағып жүрген анасының қарауында қалғанын айтты. Сондай-ақ Абзалдың пышағының Шерзаттың киіміндегі жарақатқа сәйкес келмейтінін де жеткізді. Айтуынша Абзалдың кінәлі екеніне өзінің әуелде мойындаған сөзінен басқа дәлел жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары