Кеш ұйықтайтындардың миы тез қартаяды – 10 жылдық зерттеу нәтижесі

/
Кеш ұйықтайтындардың миы тез қартаяды – 10 жылдық зерттеу нәтижесі
сурет: istockphoto.com

Кеш ұйықтау ми қызметінің жылдам қартаюына себеп болады. Бұл туралы 10 жылға созылған ауқымды зерттеу дәлелдеді. Зерттеуге 23 800 адам қатысқан.

Ғалымдардың айтуынша, ұйқы тәртібінің небәрі бір сағатқа кешігуі он жыл ішінде когнитивті қабілеттің 8%-ға төмендеуіне алып келеді. Яғни, адам ақыл-ой қабілеттерін біртіндеп жоғалта бастайды.

Ең қызығы, бұл әсер әсіресе жоғары білімді адамдарда айқын көрінеді. Өйткені олар жұмысына таңертеңгі сағат 9-да баруы керек болғандықтан, ұйқыға кеш жатса да, ерте тұруына тура келеді. Бұл ұйқының қысқаруына, ал ол өз кезегінде ми қызметінің әлсіреуіне алып келеді.

Мамандар ұйқы режимін сақтау мидың жас қалуына ықпал ететін басты факторлардың бірі екенін ескертеді.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары