«Өскеменде жалақы жоғарырақ»: Түркістан облысынан Шығыс өңірге көшіп барған аспаз

/
«Өскеменде жалақы жоғарырақ»: Түркістан облысынан Шығыс өңірге көшіп барған аспаз
коллаж: turkystan.kz

Өскемендегі танымал мейрамханалардың бірінде аспаз болып жүрген Ақбота Қайдарова жұмысы жайлы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол Бәйдібек ауданына қарасты Шаян ауылында дүниеге келген. Шығысқа Түркісттаннан бет бұрғанына үш жыл болған. Соңғы екі жыл ішінде ол тамақ дайындау ісіне кәсіби тұрғыдан ден қойып, өз ісінің шеберіне айналған.

Сұхбат барысында Ақбота: «Өскеменде жұмыс істеймін деген жанға жол ашық. Жалақы да жаман емес, тәжірибе жинап, биікке ұмтылуға барлық жағдай бар», – деп пікір білдірді. Жаңа қала, жаңа ұжым оған көп нәрсе үйреткенін де жасырмады.

Айта кетейік, қазір Түркістан телеарнасының түсірілім тобы ел ішіндегі ішкі көші-қон үдерісін көрсету мақсатында Шығыс Қазақстаннан арнайы бейнематериалдар әзірлеп жүр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары