«Біз Төрехан Сабырханды сақтауымыз керек» – Мерей Ақшалов

/
«Біз Төрехан Сабырханды сақтауымыз керек» – Мерей Ақшалов
ҚБФ

Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы, әлем және Азия чемпионы Мерей Ақшалов Азияның жастар арасындағы чемпионаттарының тарихындағы атағы көп жас боксшы Төрехан Сабырхан туралы өз ойын ортаға салды.

Ақырыс Сейітқазының YouTube арнасына берген сұхбатында ол Төреханды сақтауымыз керек екенін баса айтты.

«Төрехан – жас бала. Оны біз сақтауымыз керек. Жастар мен ересектер арасында үлкен айырмашылық бар. Соны түсіну керек. Ол жастарда ұрды, бәрін ұтты, әлем чемпионы болды, үздік боксшы атанды. Ол кезде шлеммен бокстасты. Қазір шлемсіз жұдырықтасады. Бұл жерде халық мынаны түсіну керек. 28 жастағы жілік майы толған жігіттің соққысы мен 19 жастағы боксшының соққысында айырмашылық бар», – дейді Мерей Ақшалов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары