«28 млн теңге жымқырған»: «HRT» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

/
«28 млн теңге жымқырған»: «HRT» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
istockphoto.com

Қаржылық мониторинг агенттігі «HRT» атауымен белгілі қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұйымдастырушылар азаматтарға заңды инвестициялық жоба ретінде ұсынылған схеманы жарнамалап, оған электросамокаттарды сатып алу және оларды Еуропа елдерінде жалға беру арқылы пайда табуға болады деп сендірген.

Жобаға қатысу үшін қатысушылардан арнайы «HRT» шотына криптовалюта аудару талап етілген.

Негізгі шарт – кем дегенде екі жаңа салымшы тарту болатын.

200-ден астам азамат жобаға 50 мыңнан 35 мың АҚШ долларына дейінгі қаражаттарын салып, ай сайын 1 200 АҚШ долларына дейін сыйақы алып отырамыз деп үміттенген.

Заңсыз алынған кірістің жалпы сомасы 28 млн теңгеден асты.

Тергеу барысында күдіктілер салымшылардың ақшасына екі автокөлік – «BMW 530I Xdrive» және «Changan Alsvin» сатып алғаны анықталды. Аталған көліктерге сот санкциясымен тыйым салынды.

Күдіктілерге қатысты үйқамақ ретіндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сонымен қатар қазіргі уақытта «HRT» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін еліміздің жеті өңірінде – Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында құру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары