АҚШ-тағы Aircela атты отын өндіруші стартап бензинді тікелей ауадан жасайтын әлемдегі алғашқы жұмыс істейтін құрылғыны таныстырды, деп хабарлайды turkystan.kz popsci.com-ға сілтеме жасап.
Компанияның мәліметінше, бұл құрылғы нақты әрі қолдануға дайын автокөлік бензинін ауа, су және жаңартылатын энергия көздері арқылы өндіреді. Ең қызығы, бұл процесс үшін ешқандай қазба отыны қажет емес.
Жаңа құрылғының көлемі шамамен кәдімгі тоңазытқыштай болады. Ол ауадан көмірқышқыл газын (CO₂) тартып алып, оны орнында бензинге айналдыратын жүйемен жабдықталған. Мұндай технология direct air capture (тікелей ауа жинау) және отын синтезін біріктіреді.
Aircela жасаған бензиннің сапасы қазірдің өзінде АИ-95 маркалы отыннан жоғары. Оны кез келген жеңіл көліктің багына еш қиындықсыз құюға болады. Компания болашақта мұндай құрылғыларды үй жағдайында да қолдануға мүмкіндік берілетінін айтады.