Ер адамның айтуынша, ол қазанда жыланды қайнатып, етке көкөністер — картоп пен сәбіз қосқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ал кірпі тері аурулары мен жүрек ауруларын толықтай емдейді екен.
Бейнеролик авторы өзін емші ретінде таныстырып, мұндай қайнатпаны күніне екі рет ішу – онкологиялық аурулардан айықтыратынын айтты.
Видео жылдам танымал болып, жүзден астам пікір жинаған. Қолданушылардың пікірі екіге бөлінді: біреулері халық еміне қызығушылық білдірсе, енді біреулері обыр ауруын емдеуге қатысты тексерілмеген ақпараттың таралуына алаңдаушылық білдірді.