Кофенің өзі емес, кофе ішіп отырмын деп ойлау сергітеді – жаңа зерттеу

/
Кофенің өзі емес, кофе ішіп отырмын деп ойлау сергітеді – жаңа зерттеу
сурет: istockphoto.com

Heliyon журналында жарияланған жаңа зерттеу кофенің сергітетін әсері оның құрамындағы кофеиннен гөрі, кофені ішу әдетінің өзіне байланысты болуы мүмкін екенін көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зерттеушілер кофе ішуді күнделікті дағдыға айналдырған 20 студентті (10 ер, 10 әйел) бақылауға алып, оларды екі топқа бөлді: бір топ кәдімгі кофеин қосылған кофе ішсе, екінші топ кофеинсіз кофе ішті. Екі сусын да дәмі мен иісі жағынан бірдей болды, ал кофеинсіз кофе арнайы ұнтақ қосу арқылы кәдімгі кофе секілді дайындалды.

Қатысушылардың жүрек соғысы, қан қысымы, ми белсенділігі (ЭЭГ), сондай-ақ ақыл-ой және назар шоғырландыру қабілеттері өлшенді. Нәтижесінде кофеинсіз кофе ішкендердің физиологиялық және когнитивтік көрсеткіштері кофеинді кофе ішкендермен шамалас болған.

Зерттеу авторы Матея Лесардың айтуынша, адамдарда кофеге байланысты шартты реакциялар қалыптасуы мүмкін. Яғни, иісін сезу, дәмін тату, немесе тек кофе ішіп жатқанын ойлау – осының бәрі денеге сергектік күйін тудыруы мүмкін.

Бұл зерттеу кофенің шын мәнінде неліктен сергітетініне қатысты жаңа көзқарас ұсынып отыр және кофеинсіз кофенің де күнделікті сергектік үшін жеткілікті бола алатынын меңзейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары