Астаналық құтқарушылар LRT нысаны аумағынан шыққан өртті сөндірді, деп хабарлады turkystan.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қабанбай батыр даңғылы бойындағы LRT құрылысы маңында өрт шыққан.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде, шамамен 15 шаршы метр аумақта құрылыс материалдары жанып жатқанын анықтады. От сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің арқасында өрт толықтай сөндірілді», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.