АҚШ-тың Калифорния штатында бақа секіртуден жыл сайынғы чемпионат өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
The Jumping Frog Jubilee деп аталатын бақалар арасындағы сайыс Калаверас округінде жыл сайын өтетін жәрмеңкенің төлқұжаты саналады. Алғаш рет ол жәрмеңке 1928 жылы өткізілген-тін.
Бұл айрықша турнирді өткізуге әйгілі Марк Твеннің «Калаверасадан келген әйгілі секіргіш бақа» әңгімесі себеп болған. Жыл сайын бұл турнирдің танымалдығы артқаны сонша, бүгінде оны тамашалау үшін 35 мыңға жуық көрермен арнайы барады екен.
Айта кетерлігі, бақа Калаверас округінің символына айналып үлгерді. Бақаның суретін көптеген кәдесый мен жергілікті дүкендерлің логотипінен байқауға болады.