Танымал әнші Тоқтар Серіковтың тұңғыш ұлы мектеп түлегі атанды, деп хабарлады turkystan.kz.
Әнші ұлына арнап жүрек жарды жазбасын жариялады.
"Ал құлыным, құтты болсын.Сенің кеше ғана мектеп табалдырығын аттап, оқушы атанғаныңды көріп кеудемді мақтыш кернеген сәт есімде.Шүкір Аллаға бүгін мектеп босағасынан жігіт болып жаңа өмірге қадам басқалы жатырсың.Бұл білім ордасын яғни мектебіңді есейдім екен деп есіңнен шығарма балам.Дәл осындай мектепке менде қарызбын.Босағасын аттаған бар адамзат қарыз балам.Тарыдай болып кіріп,таудай болып шықтың балам.Біріші Аллаға,екінші оқытқан барша ұстаздарыңа ризамын,және алғыс айтам. Балам алдымен аман бол содан соң адам бол.Білімді болсаң биіктер өзі шақырады.Мен саған сенемін құлыным.Ата анамды риза етемін деме,елімді риза етемінде ішінде біз бармыз балам.Әрі қарайда жоғарғы оқуыңды жақсы оқитыныңа бек сенімдімін Бек-Олжас", - деді Тоқтар Серіков.
Желі қолданушылары да әншіге лебіздерін білдіріп жатты.
"Аты затына сай краш жігіт екен. Тоқтар аға өте кемел сөздер жазыпсыз! Қандай керемет! Қалықтап ұшып, қанаттандыратын сөздер екен! Аллам Бек-Олжасты халықтың сүйікті ұлы етсін", "Ақ жол бауырым, құтты болсын", "Тұла-бойы тұңғышың үлкен өмірге басқан қадамы құтты болсын! Жолы ашық, арманы асқақ, болашағы жарқын, мақсаты айқын болсын!" , - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, желіде Тоқтар Серіковтің екінші әйел алуға қатысты айтқан сөзі тараған болатын.