Әлем бойынша бәріне ортақ "8 сағат ұйықтау керек" деген кең таралған пікірге жаңа зерттеу күмән келтіріп отыр. Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланған ғылыми мақалада әр елдің ұйқы ұзақтығы мен денсаулығына қатысты деректер талданып, денсаулыққа пайдалы ұйқы мөлшері әр мәдениетке байланысты өзгеретіні анықталған.
Зерттеуді Канаданың Британдық Колумбия университетінің профессоры, әлеуметтік және мәдени психология саласының маманы Стивен Хайн басқарған. Ғалымдар мыңдаған адамның ұйқы әдеттері мен денсаулығын салыстыра отырып, адамдар өз елінің ұйқыға қатысты нормаларына сай өмір сүргенде өздерін дені сау сезінетінін байқаған.
«Мен Жапонияда бірнеше жыл өмір сүрдім, және ол жақта адамдардың өте аз ұйықтайтыны әрқашан таңқалдыратын. Бірақ соған қарамастан, Жапония – әлемдегі ең ұзақ өмір сүретін елдердің бірі. Бұл аз ұйқының денсаулыққа зияны жоқ па деген сұрақ тудырды», – дейді профессор Хайн.
Зерттеу нәтижесі — адамның денсаулығына мәдени ортаның ықпалы зор екенін көрсететін кезекті дәлел. Ғалымдардың айтуынша, ұйқының "дұрыс" ұзақтығы әр елде әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан әмбебап 8 сағаттық норма барлық ел үшін бірдей тиімді болмауы мүмкін.
Қорытынды біреу: ұйқының мөлшері — биологиямен ғана емес, мәдениетпен де тығыз байланысты.