Өкпеңіз "қатып қалсын" демесеңіз: терең дем алудың ғалымдар дәлелдеген пайдасы

/
Өкпеңіз "қатып қалсын" демесеңіз: терең дем алудың ғалымдар дәлелдеген пайдасы
сурет: istockphoto.com

Швейцарияның Цюрихтегі Жоғары техникалық мектебінің, Испания, Бельгия және АҚШ зерттеушілері адамның тыныс алу жүйесін зерттеп, неліктен терең тыныс алу өкпеге оң әсер ететінін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz science.org-ке сілтеме жасап.

Ғалымдар өкпенің ішкі бетін қаптайтын сұйықтықтың күрделі құрылымын модельдеді. Белгілі болғандай, ол біркелкі емес: сыртқы жағында тығыз липидті қабат, ал астында жұмсақ әрі қозғалмалы қабаттар бар.

Терең дем алған кезде бұл құрылым қайта түзіліп, сыртқы қабат тығыздалады, беттік керілу төмендейді, нәтижесінде өкпе икемдірек болады. Дәл осы физикалық өзгеріс бізге «кеудедегі жеңілдік сезімін» береді.

Бұл жаңалық неонатология мен өкпе ауруларын емдеу саласында үлкен рөл атқара алады. Бұрын дәрігерлер жаңа туған нәрестелердің өкпесін сурфактант арқылы емдейтін, бірақ ересектерде бұл тәсіл тиімді болмаған. Енді ғалымдар сұйықтық құрылымының қайта ұйымдасуы басты фактор екенін дәлелдеп отыр.

Егер адам тек үстірт тыныс алып үйренсе, өкпе біртіндеп қатып, серпінділігін жоғалтады. Ал терең тыныс алу – өкпенің табиғи икемін сақтап, оттегінің таралуын жақсартудың ең қарапайым жолы.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары