Психопаттар мен нарцисстердің бай әрі табысты болу ықтималдығы жоғары. 15 жылдық зерттеу нәтижесінде ғалымдар осындай қорытындыға келген, деп хабарлайды turkystan.kz vice.com-ға сілтеме жасап.
Ғалымдар кәсіпкерлер мен ірі компания басшылары арасында клиникалық психопаттар саны қарапайым адамдарға қарағанда үш есе көп екенін анықтаған.
Мұндай адамдарда үш қасиет жиі кездеседі, оны психологтар «қараңғы триада» деп атайды:
• психопатия – кінә мен ұят сезімінің болмауы;
• нарциссизм – өзіне шамадан тыс сену және өзгені төмен санау;
• макиавеллизм – есеппен ойнау, эмоциясыз манипуляция жасау.
Дәл осы комбинация, зерттеушілердің айтуынша, бизнесте көтерілуге көмектеседі: мұндай тұлғалар шешім қабылдауда батыл, тәуекелге бара алады және қарсыласының әлсіз тұсын оңай байқайды.