Bloomberg мәліметінше, Apple компаниясы 2026 жылдың соңына қарай немесе 2027 жылдың басында алғашқы сенсорлы MacBook Pro үлгісін таныстырмақ. Жаңа құрылғылардың кодтық атауы – K114 және K116, деп хабарлайды turkystan.kz.
Басты жаңалықтар:
– miniLED технологиясының орнына OLED дисплей қолданылады;
– «жақтау» толық жойылып, камера үшін кішкене дөңгелек ойық (hole-punch) қалады;
– құрылғы M6 чиптерімен жұмыс істейді;
– корпусы бұрынғыға қарағанда жұқа әрі жеңіл болады;
– экранды қолмен басқару мүмкіндігі алғаш рет енгізіледі.
Сарапшылардың айтуынша, Apple мұндай шешімге нарықтағы трендтер әсерінен барған: Windows жүйесіндегі ноутбуктердің көпшілігі сенсорлы экранмен шыққанына он жылдан асты. Дегенмен компания дәстүрлі трекпад пен пернетақтаны сақтап қалмақ, сенсорлы функция қосымша енгізіледі.