Қап-қап ойыншық, қалтаға – миллион: Жұмсақ ойыншықтардан қыруар табыс тапқан жігіттің оқиғасы

/
Қап-қап ойыншық, қалтаға – миллион: Жұмсақ ойыншықтардан қыруар табыс тапқан жігіттің оқиғасы
сурет: istockphoto.com

АҚШ азаматы ерекше табыс көзі арқылы жұртты таңғалдырды. Ол кран-автоматтардан (ойыншық "аулауға" арналған құрылғылардан) жұмсақ ойыншықтарды алып, оларды маркетплейстерде қайта сатып, 40 мың доллар пайда тапқан, деп хабарлайды turkystan.kz businessinsider.com-ға сілтеме жасап.

Кәсіпкер трендтегі ойыншықтарды үнемі бақылап отырады. Қай ойыншықтың қазір сұранысқа ие екенін анықтап, соларды автоматтардан арнайы техника көмегімен көптеп шығарып алады. Оның айтуынша, ұтыс техникасын меңгерген адам ойыншықтарды оп-оңай ала алады.

Кейін бұл ойыншықтарды онлайн платформаларда бір данасын 20-дан 200 долларға дейін сатып, қомақты табыс табады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары