Наполеонның қылышы аукционда сатылды

/
Наполеонның қылышы аукционда сатылды

Наполеон Бонапарттың қылышы 22 мамырда Париждегі аукционда 4,6 миллион еуроға сатылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы BFM TV сайтына мәлімет таратты.

Ақпарат көзіне сүйенсек, бұл қаруды Бонапарт 1802 мен 1803 жылдар аралығында бірінші консул болған кезде тапсырыспен жасатқан. Қылышты Николя-Ноэль Буте әзірлеген. Бастапқыда бұл жәдігер 1 миллион еуроға дейін бағаланған, бірақ нәтижесінде 4 663 900 еуроға сатылды.

«Бұл қылыш — тарихы мол, шығу тегі мінсіз, нағыз жауһар. Ұлы коллекционерлер іздейтін барлық қасиеттерді біріктіріп тұр. Бұл – өнер, тарих және биліктің тоғысқан нақты нысаны», – деді аукционист Александр Жикелло.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары