27 жасында миллиардер атанған: Блогер рекордтар кітабына енді

/
27 жасында миллиардер атанған: Блогер рекордтар кітабына енді
сурет: istockphoto.com

YouTube блогері MrBeast (шын аты-жөні – Джимми Дональдсон) 27 жасында 1 миллиард долларлық байлыққа қол жеткізіп, тарихтағы 30 жасқа толмай тұрып өз күшімен миллиардер атанған алғашқы адам атанды, деп хабарлайды turkystan.kz dexerto.com-ға сілтеме жасап.

Бұл байлық оған мұра боп қалған жоқ. Барлығы – тек YouTube-тегі арнасы, авторлық контент, және жеке бизнес жобаларынан түскен табыс.

Сарапшылардың айтуынша, MrBeast ай сайын шамамен 50 миллион доллар табыс табады. Алайда ол бұл қаражатты жеке өміріне жұмсамайды, табысының басым бөлігі кері инвестиция ретінде видеолар түсіруге, қайырымдылық жобаларына, және жаңа бизнес бастамаларға бағытталады.

YouTube платформасындағы ең ірі және ықпалды контент жасаушылардың бірі ретінде MrBeast цифрлық дәуірдің жаңа экономикасын қалыптастырып отыр. Оның жетістігі тек көңіл көтеру емес, үлкен табыстың да құралына айналған сапалы контенттің дәлелі.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары